Қарқаралы ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аудандық комиссияның отырысы өтті
Аудан әкімі Ә. Арғыновтың төрағалығымен Қарқаралы ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аудандық комиссияның отырысы өтті.
Комиссия мүшелерінің, қала, кент және ауылдық округтер әкімдерінің қатысуымен өткен отырыста келесі мәселелер қаралды:
жер учаскелерін беру жөніндегі аудандық комиссияның жұмысы барысында туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, оларды анықтау және жою тәртібі;
құқық қорғау органдарында орын алатын сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар;
нысандар салу, автомобиль жолдарын жөндеу, тұрғын үй қорын бөлу кезінде туындайтын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар және олардың алдын алу шаралары.
Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылардың ұсыныстары тыңдалып, жауапты лауазымды тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді.