«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
«Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 10.06.2025 - 16.06.2025
Қабылдау 1 этап: 17.06.2025- 19.06.2025
Қабылдау 2 этап: 23.06.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 24.06.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 27.06.2025
Сұхбат: 02.07.2025
Анықтама телефоны: 87025137739
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243701
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
"Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ бас маман- мемлекеттік инспекторы, E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Тұрғын үй қорын басқару салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі елді мекендердің шекаралары шегінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі елді мекендердің шекаралары шегінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі елді мекендердің шекаралары шегінде қадағалау субъектілеріне қатысты мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады; Пәтер иелерінің ортақ мүлкін, объектідегі тұрғын емес үй-жайды және көппәтерлі тұрғын үйге іргелес аумақты пайдалану, күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуын, көппәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылуды, энергияны, газды есепке алу аспаптарының болуын бақылауды жүзеге асырады- жай-күйін, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйін, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалық құжаттарға сәйкес оны күтіп-ұстау және жөндеу жөніндегі жұмыстардың уақтылы орындалуын, көппәтерлі тұрғын үйді маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс- шаралардың жүзеге асырылуын бақылайды. Газ қауіпсіздігінің жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады, газ қауіпсіздігінің жай-күйіне талдау жүргізеді,
анықталған сәйкессіздіктердің алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және оларды тұрғын үй қорын басқару және әлеуметтік инфрақұрылым объектілері салаларындағы қадағалау субъектілерінің басшыларына жібереді. Газбен жабдықтау ұйымының газ қауіпсіздігі мәселелеріне қатысты қызмет көрсету сапасын бақылайды. Газ қауіпсіздігі саласындағы нормалар мен тәртіпті қолдану мәселелерінде тұрғын үй қорын және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін қорғау жөніндегі газдан құтқару қызметімен тұрғын үй қорын және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін басқару саласындағы құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіреді. Қауіпті техникалық құрылғыларды (0,07 мегапаскальдан астам қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтарын (жылумен жабдықтау ұйымдары), 0,07 мегапаскальдан астам қысыммен жұмыс істейтін сауыттарды, жүк көтергіш механизмдерді, жұмыс істеп тұрған бу және су жылыту қазандықтарын) техникалық тексеруді, есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыруға байланысты жұмыстарды орындайды. эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер, траволаторлар, мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге)арналған көтергіштер. Адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына қатер төндіретін ерекше жағдайларда дара кәсіпкерлердің, қауіпті өндірістік объектілерді және (немесе) техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты ұйымдардың қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін сот шешімінсіз, үш күннен аспайтын мерзімге, көрсетілген мерзімде міндетті түрде талап-арыз бере отырып, тоқтата тұруға не тыйым салуға құқығы бар. Басшыға мемлекеттік бақылау және мемлекеттік қадағалау объектілері мен субъектілері туралы, тексеру кестелері мен олардың нәтижелері туралы, анықталған кемшіліктер туралы, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуы, қабылданған шешімдер мен анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқамалардың орындалуы туралы жасалған актілер мен шығарылған нұсқамалар туралы ақпарат ұсынады. Өнеркәсіптік және газ қауіпсіздігі мәселелері бойынша нұсқаулықтар, жадынамалар әзірлейді. Тұрғын үй қорын және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін басқару салаларындағы басшылардың, мамандар мен қызметшілердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімдерін тексеру жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады . Тұрғын үй қорын және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін басқару салаларындағы құрылымдық бөлімшелердің өнеркәсіптік және газ қауіпсіздігі мәселелеріне қатысты уәкілетті органның актілерінде ұсынылған іс-шараларды орындауына бақылау жүргізеді. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді және профилактикалық бақылауды және қадағалауды, ал "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды тексеруді жүзеге асырады.
Азаматтардың арыздар мен өтініштерін тіркелуін олардың тиісті мерзімде қаралып, өтініш иесіне уақытында жауап берілуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік сатып алу жұмыстарына байланысты бөлім тарапынан тиісті құжаттар дайындайды. Мердігерлер тарапынан келісім шартқа сәйкес
міндеттердің орындалуына бақылау жасайды. Бөлім маманының құзыретіне жататын сұрақтар бойынша мемлекеттік және басқа да ұйымдармен қарым- қатынас жасайды. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асырады.
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: құқық, өндірістік және өңдеу салалары, инженерия және инженерлік іс, сәулет және құрылыс
жұмыс өтілі талап етілмейді.
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.