Қарқаралы ауданының ауылдық округтерінің әкімдігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы
2025 жылы 27 мамырда Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Сайлау комиссиясының төрағасы С.К.Нуркенов «Қарқаралы ауданының Абай, Жанатоған, Нұркен Әбдіров және Мәди ауылдық округтерінің әкімдігіне кандидаттарды ұсыну нәтижелері туралы» баяндама жасады.
Ол жалпы алғанда, 2025 жылдың 15 мамыр мен 27 мамыр аралығында Қарқаралы ауданының Абай, Жанатоған, Нұркен Әбдіров және Мәди ауылдық округтерінің әкіміне 12 үміткер ұсынылғанын айтты. Оның ішінде саяси партиялардан - __4__, өзін-өзі ұсыну тәртібімен - __8__ кандидат. Ұсынылған кандидаттар __2__ әйел, __10__ - ер адам.
Кандидаттардың орташа жасы - __37,1__ жас. Ең жас үміткер - _28_ жаста, өтініш берушілердің арасындағы ең жоғары жас - __61__ жас.
Мамандықтары бойынша: 2 – экономист, 4 – заңгер, 1- қаржы маманы, 5 – басқа мамандықтар.
Ұсынылған кандидаттар арасында: мемлекеттік қызметкерлер _5_, мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар жұмыскерлері – 3, коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері – 1, қазіргі әкімдер - 3.
Қазіргі уақытта Қарқаралы ауданының ауылдық округтерінің әкімдігіне кандидаттарды тіркеу процессі жүріп жатыр, ол ағымдағы жылдың 1 маусымда жергілікті сағат 18-00 ге дейін жалғасады, өйткені сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлау комиссиялары мемлекеттік органдармен бірлесіп өз жұмысын жалғастыруда, кандидаттар ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеруде.