«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
«Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 24.05.2025 - 30.05.2025
Қабылдау 1 этап: 02.06.2025- 04.06.2025
Қабылдау 2 этап: 09.06.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 10.06.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 13.06.2025
Сұхбат: 18.06.2025
Анықтама телефоны: 87025137739
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243701
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және механизация секторының бас маманы, E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Науқандық жұмыстар кезінде селолық округтерден ақпараттар алу, оны талдап облыстық ауылшаруашылық басқармасына жеткізу. Селолық округ әкімдері мен шаруашылық құрылымдары басшыларына тиісті ақпаратты жеткізіп отыру. Мал шаруашылығы саласының даму бағдарламаларын жасау, оны іске асыру. Аудандық статистика басқармасына статистикалық есептерді ұсыну, ауданға инвестиция тарту, өндірілетін өнімдер бойынша алдын-ала есептеу, нақты көлем индексін айлық, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық орындалысына экономикалық сараптама жасау. Аудан шаруашылық құрылымдарына мемлекеттің қаржыландыру саясатына түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Қаржылық даму институттарымен бірлесіп шаруа қожалықтарына несие, гранттар алуға ықпал жасау. Агроөнеркәсіп кешендерінің негізгі бағыттарымен мемлекеттік азық-түлік саясатын жеке тұлғаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу, аудандағы агроөнеркәсіп кешенін дамытудың аймақтық бағдарламасы негізінде мониторинг және талдау жасау. Ауылшаруашылығы малдарын асылдандыру жөнінде жұмыстар жасау. Индустриалды – инновациялық жобалар дайындау, асыл тұқымды шаруашылықтар және мал бордақылау алаңдарын ашу жөнінде жұмыс атқару. Жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша шектеу шараларына қатысу. Үкімет тарапынан мал шаруашылығына берілетін субсидияларды төлеу жұмыстарын ұйымдастыру.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: агрономия, су қорлары және суды пайдалану, агроинженерия, жерге орналастыру, ветеринария, балық шаруашылығы, мал шаруашылығы
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.