Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

ЖОБА

 

 

 

Шектеу іс-шараларын

белгілеу туралы

 Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 «Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 11940 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарқаралы ауданының Қайнарбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Қайнарбұлақ ауылдық округіне қарасты «Қилыбай» қыстағында орналасқан «Угар» шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдарының арасынан құтыру ауруы шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
  2. Ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс- шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
  4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қайнарбұлақ ауылдық округі әкімі

 

Ж.А. Тилемисов

 

Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Дата публикации
03 ноября 2020