"Б" корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 15.05.2025 - 21.05.2025

Қабылдау 1 этап: 22.05.2025- 26.05.2025

Қабылдау 2 этап: 28.05.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 29.05.2025

Мәтіндік   және   сандық   ақпаратпен   жұмыс   істеу   қабілетін   бағалау: 01.06.2025

Сұхбат: 04.06.2025

Анықтама телефоны: 87025137739

E-G-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210087

(Лауазымдық     жалақы    нақты     қызметкердің     жұмыс     өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

«Қарқаралы ауданының  Угар  ауылдық  округі  әкімі   аппараты»  ММ жетекші маманы, E-G-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)

 

Функционалдық міндеттері:

Тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық

инспектордың ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы, нормативтік құқықтық актілер жобасын дайындайды. Тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс- шараларын немесе карантинді тоқтату туралы нормативтік құқықтық актілер жобасын дайындайды.

Мемлекеттік қызмет көрсету. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есептерді жинақтау және тапсыру. Азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, азаматтардың өтініштеріне жауаптарды ресімдеу және тарату, хаттар мен шағымдарды қарау бойынша есептер жасау. Әлеуметтік жәрдемақыларды ресімдеу бойынша жұмыс жүргізу. Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды ұйымдастыру. Әскерге шақырылушыларға дейінгі және әскерге шақыру жасындағы жастарды жүйелі бақылауды жүзеге асыру және ауданның ОДО-на баруды қамтамасыз ету. Еңбек шарты бойынша қабылданған ауыл әкімі аппараты қызметкерлерінің жеке істерін қалыптастыру. Ауыл әкімі аппараты қызметкерлерінің еңбек шарттары бойынша қабылданған еңбек шарттарын ресімдеу. Жеке құрам бойынша, негізгі қызмет бойынша өкімдер дайындау. Маманның құзыретіне

 

кіретін қызметтік құжаттарды, хаттар мен өтініштерді қарау, маманның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өкімдер, ақпараттар, анықтамалар, хаттар дайындау. Білім ұйымдарының жұмысын үйлестіреді. ауылдық округ мектептері мен бірігіп шараларды ұйымдастырады. Өтініштерге заңға сәйкес жауап беруге жұмыстар жүргізеді.

 

 

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: халықаралық құқық, құқықтану, педагогика және психология, әлеуметтік жұмыс, ветеринария, жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау, гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жұмыс өтілі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

"Б" корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
14 мая 2025