Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабы 8-1 тармағына, 113-1 бабына сәйкес, Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 14 мамырдағы №21 қаулысымен 2025 жылдың 22 маусымға Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Абай, Жанатоған, Нұркен Әбдіров және Мәди ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауы тағайындалғанын хабарлайды.

Абай, Жанатоған, Нұркен Әбдіров және Мәди ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну 2025 жылдың 15 мамырдан басталып, 2025 жылдың 27 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

Абай, Жанатоған, Нұркен Әбдіров және Мәди ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды тіркеу мерзімі барлық қажетті құжаттар ұсынылғаннан кейін басталады және 2025 жылдың 1 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

Сайлау алдындағы үгіт 2025 жылдың 1 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2025 жылдың 21 маусымда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

Барлық сұрақтар бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады: Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласы, Т.Әубәкіров көшесі, 19 үй. Байланыс телефоны: 8(72146)31445.

 

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының

аумақтық сайлау комиссиясы

Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 14 мамырдағы №21 қаулысы
Дата публикации
14 мая 2025