Кандидаттарды тіркеу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес Қарқаралы ауданының Бақты ауылдық округінің әкіміне тіркелген кандидаттардың тізімдерін хабарлаймыз

 

Бақты сайлау округі бойынша

Бәли Серікболсын Төлеуұлы, 1995 жылы туған, Қарағанды облысының білім басқармасы КМКҚ «Қарағанды теміржол колледжі» бөлім меңгерушісі. Қарағанды облысы, Қарағанды қаласының тұрғыны. «AMANAT» партиясынан ұсынылды.

Караманова Сандугаш Абдикаримовна, 1974 жылы туған, «Қарқаралы қаласының әкімі аппараты» ММ бас маманы, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласының тұрғыны. Өзін-өзі ұсынды.

Қапбас Еркін Қабылұлы, 1992 жылы туған, «Қарқаралы ауданы әкімі аппараты» ММ ТЖ және АҚ бөлімінің басшысы, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласының тұрғыны. Өзін-өзі ұсынды.

Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
25 апреля 2025