Кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

Қарқаралы ауданының Бақты ауылдық округінің әкімдігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

 

2025 жылы 22 сәуірде Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Сайлау комиссиясының төрағасы С.К.Нуркенов «Бақты ауылдық округінің әкімдігіне кандидаттарды ұсыну нәтижелері туралы» баяндама жасады.

Ол жалпы алғанда, 2025 жылдың 10 сәуір мен 22 сәуір аралығында Қарқаралы ауданы Бақты ауылдық округінің әкіміне 3 үміткер ұсынылғанын айтты. Оның ішінде саяси партиялардан - __1__, өзін-өзі ұсыну тәртібімен - __2__ кандидат. Ұсынылған кандидаттар __1__ әйел, __2__ - ер адам.

Кандидаттардың орташа жасы - __38__ жас. Ең жас үміткер - _33_ жаста, өтініш берушілердің арасындағы ең жоғары жас - __50__ жас.

Мамандықтары бойынша: 2 – экономист, 1 – мұғалім.

Ұсынылған кандидаттар арасында: мемлекеттік қызметкерлер _2_.

Қазіргі уақытта Қарқаралы ауданы Бақты ауылдық округінің әкімдігіне кандидаттарды тіркеу процессі жүріп жатыр, ол ағымдағы жылдың 27 сәуір жергілікті сағат 18-00 ге дейін жалғасады, өйткені сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлау комиссиялары мемлекеттік органдармен бірлесіп өз жұмысын жалғастыруда, кандидаттар ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеруде.

Дата публикации
22 апреля 2025