«Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 22.04.2025 - 28.04.2025
Қабылдау 1 этап: 29.04.2025- 02.05.2025
Қабылдау 2 этап: 06.05.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 07.05.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 10.05.2025
Сұхбат: 15.05.2025
Анықтама телефоны: 87025137739
E-G-1 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 380392
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
"Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қарқаралы қаласы әкімінің аппараты" ММ әкімнің орынбасары, E-G-1 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Қала әкімі аппараты бойынша мемлкеттік сатып алу Заңнамасының орындалысын бақылап, осы жұмыстарға байланысты іс-әрекеттерді жүзеге асырылуын қадағалайды. Қаладағы мекеме – кәсіпорындардың жұмысын ұйымдастыру, автокөлік кәсіпорындары, отын қоймасы, көлік жолдарын жөндеу мекемесі мен учаскесі жұмыстарын үйлестіреді. Азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды. Қаланың әлеуметтік- экономикалық бағдарламаларының орындалысын қадағалайды. Қала халқын жылумен, сумен, канализация қызметін қамтамасыз етуші жеке кәсіпкерлердің, санитарлық тазалық, көгалдандыру жұмысын атқарушы кәсіпорындардың жұмысын ұйымдастырады. Сәулет-құрылыс, коммуналдық шаруашылық қызмет көрсететін, көгалдандыру, абаттандыру, санитарлық тазалау ұйымдық жұмыстарына басшылық, бақылау жасайды. АӘК және балалар жәрдемақысын тағайындау комиссиясын басқарады. Тұрғын үй жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысады. Қала бойынша жасалатын әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларға басшылық жасайды және оның орындалуын қадағалайды. Әкім аппаратының жұмысын қадағалайды. Мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады. Аудандық пробация қызметінің, аудандық қамқоршылық кеңесінің, аудандық кәмелеттік жасқа толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия жұмыстарына қатысады. Қала әкімі болмаған кезде міндетін атқарады.
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: әлеуметтік жұмыс, құқық, көлік қызметтері, бизнес және басқару, инженерия және инженерлік іс, сәулет және құрылыс
жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.