Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Қарағанды облысы

Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабы 8-1 тармағына, 113-1 бабына сәйкес, Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 9 сәуірдегі №18 қаулысымен 2025 жылдың 18 мамырына Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Бақты ауылдық округінің әкімін сайлауы тағайындалғанын хабарлайды.

Бақты ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну 2025 жылдың                   10 сәуірден басталып, 2025 жылдың  22 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

Бақты ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімі барлық қажетті құжаттар ұсынылғаннан кейін басталады және 2025 жылдың                                    27 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

Сайлау алдындағы үгіт 2025 жылдың 27 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2025 жылдың 17 мамырда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

Барлық сұрақтар бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады: Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласы, Т.Әубәкіров көшесі, 19 үй. Байланыс телефоны: 8(72146)31445.

 

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының

аумақтық сайлау комиссиясы

Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 9 сәуірдегі №18 қаулысы
Дата публикации
09 апреля 2025