Аудан әкімі Ә.Арғыновтың төрағалығымен аудан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аумақтық комиссия отырысы өтті.
Комиссия мүшелері, қала, кент, ауылдық округ әкімдері қатысқан жиында Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу бойынша қабылданған шаралар туралы, Мемлекеттік сатып алу саласында орын алатын сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесуде қабылданған шаралар туралы және Білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жолын кесу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру бойынша қабылданатын шаралар туралы мәселелер қаралды.
Жиын қортындысы бойынша ұсыныс-пікірлер талқыланып, бірқатар тапсырма берілді.