Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтеріміз күннен күнге дамып, халыққа қол жетімді және тиімді бола түсуде. Халықтың көрсетілетін қызметтер туралы толық ақпарат алуына барлық жағдайлар жасалған.
Мемлекет алдына қойылған негiзгi мiңдеттердiң бiрi — жоғары сапалы мемлекеттiк қызмет алуға барлығының бірдей қол жеткiзуi.
Бұл өз алдына мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттырып, тұрмыстық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жойып, әрқайсымыздың цифрлы сауаттылығымызды жорғарылатып, бәсекеге қабілеттілігімізді айқындайды.
Қарқаралы ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметтің 64 түрін көрсетеді.
2024 жылы - 4026 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 433- қағаз түрінде, 446- Мемлекеттік корпорация және 3147 (78%)- электрондық түрде көрсетілді.
Ауданымызда тұрақты түрде халық арасында электрондық мемлекеттік қызметтерді танымал ету және көрсетілетін электрондық қызметтердің үлесін арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2024 мемлекеттік қызмет көрсететін мекеме басшылары аудан тұрғындарымен 5 тікелей эфир, 5 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында 9 семинар-кеңес өткізіп, аудандық «Қарқаралы» газетінде электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді танымал ету мақсатында 4 мақала жарияланды, ауылдық округтерде 6 баннер орнатылды.
Жоғарыда аталған барлық іс-шаралардың басты мақсаты мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жақсарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және аудан тұрғындарының мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттыру болып табылады.