Қарқаралы ауданында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 2024 жылы атқарылған жұмыстар туралы
Қарқаралы ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметтің 64 түрін көрсетеді.
Қарқаралы ауданында 2024 жылы 4026 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 433- қағаз түрінде, 446- Мемлекеттік корпорация және 3147 (78%)- электрондық түрде көрсетілді.
2024 жылы бекітілген Бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес 5 бақылау іс-шарасы жүргізілді, бақылау іс-шарасымен қамтылған объектілер саны 5. Бақылау материалдары бойынша бақылау актілері жасалды. Тамыз айында өтікізілген ішкі бақылау қорытындысына сәйкес, Қарқаралы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 26 факт бизнес процесстерін бұзу орын алды, яғни 26 өтініш Е-лицензиялау жүйесінде уақытында тіркелмеген, келесі күні немесе 2-3 күн кешіктіріліп тіркелген. Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында 6 ұсыныстар жолданып, бүгінгі күні барлығы орындалды.
2024 жылы ИС «Мониторинг» ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімін бұзу- 4 анықталды. (Қарқаралы ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі ақпан айында, 2 өтініш, «Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі, қараша айында 2 өтініш, жауапты мамандар тәртіптік жазаға тартылды)
Ауданымызда тұрақты түрде халық арасында электрондық мемлекеттік қызметтерді танымал ету және көрсетілетін электрондық қызметтердің үлесін арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2024 мемлекеттік қызмет көрсететін мекеме басшылары аудан тұрғындарымен 5 тікелей эфир, 5 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында 9 семинар-кеңес өткізіп, аудандық «Қарқаралы» газетінде электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді танымал ету мақсатында 4 мақала жарияланды, ауылдық округтерде 6 баннер орнатылды.
«Қарағанды облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы» КМК-да 8 мемлекеттік қызметші «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша оқытылды.
Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған 4 қоғамдық кеңес отырысы және 3 қоғамдық бақылау өткізілді.
Мемлекеттік қызмет істеру агенттігінің Қарағанды облысы бойынша депратаментінің тапсырмасына сәйкес ай сайын кемінде 2 реттен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша әлеуметтік желілерде, кері байланысты қамтамасыз ете отырып, тікелей эфирлер өткізу керек. Осыған орай сіздерге тікелей эфирге шығу графиктері жолданды.(бөлімдерге қатысты)