2025 жылдың 2 ақпанда Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы С.К.Нуркенов «2025 жылдың 23 ақпанына тағайындалған Қарқаралы ауданының Қаракөл ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу нәтижелері туралы» баяндама жасады.
Ол 2025 жылдың 2 ақпанына Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясына ұсынылған _3_ кандидаттан Қарқаралы ауданының Қаракөл ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде _3_-де тіркегенін айтты.
Тіркелген кандидаттардың арасында _3__ (100%) ер адам.
Мамандықтары бойынша: 1 – заңгер, 1 – химия пәні мұғалімі, 1 – мемлекеттік және жергілікті басқару.
Кандидаттар арасында: мемлекеттік қызметкерлер _1_.
2025 жылдың 2 ақпанда сағат 18:00-ден бастап Қарқаралы ауданының ауылдық округтері әкімдеріне барлық тіркелген кандидаттар сайлауалды үгіт жұмыстарын бастауға құқылы, ол ағымдағы жылдың 22 ақпан сағат 00:00-ге дейін жалғасады.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Үміткерлерге бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін қаражат бөлу ережесі мен мөлшерін бекіту туралы» 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/2020 қаулысына сәйкес, ол қарастырылған үміткерге өзінің бағдарламаларымен бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеуі үшін қаражат бөлуге: теледидарда - 15 минут; радиода - 10 минут; мерзімді басылымдардағы немесе интернет-басылымдардағы жарияланымдар үшін 0,1 баспа парағынан аспайтын екі мақала. Барлық үміткерлерге сайлау алдындағы үгіт жүргізу үшін заңмен бірдей жағдайлар жасалады.