Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, 3-1 және 6-шы тармақтарына сәйкес Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясының қаулысымен 2025 жылғы 30 наурызға Қарқаралы аудандық мәслихатының № 11 бірмандаттық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына сайлау тағайындалғанын хабарлайды.
Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясы