Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Қарағанды облысы
Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабы 3 тармағына, 113-1 бабына сәйкес, Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 15 қаңтардағы №2 қаулысымен 2025 жылдың 23 ақпанға Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қаракөл ауылдық округінің әкімін сайлауы тағайындалғанын хабарлайды.

Қаракөл ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну 2025 жылдың 16 қаңтарынан басталып, 2025 жылдың 28 қаңтарында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

Қаракөл ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімі барлық қажетті құжаттар ұсынылғаннан кейін басталады және 2025 жылдың 2 ақпанында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

Сайлау алдындағы үгіт 2025 жылдың 2 ақпанында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2025 жылдың 22 ақпанында жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

Барлық сұрақтар бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады: Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласы, Т.Әубәкіров көшесі, 19. Байланыс телефоны: 8(72146)31445.

 

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының
аумақтық сайлау комиссиясы

ҚАУЛЫ
Дата публикации
15 января 2025