
Аудан әкімі Ә.Арғыновтың төрағалығымен аудан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аумақтық комиссия отырысы өтті.
Комиссия мүшелері, қала, кент, ауылдық округ әкімдері қатысқан жиында Ішкі саясат бөлімінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар, оның ішінде 2024 жылғы Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру қорытындылары туралы есебі мен Қарқаралы ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аумақтық комиссияның 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы мәселелер қаралды.
Жиын қортындысы бойынша ұсыныс-пікірлер талқыланып, бірқатар тапсырма берілді.