Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қоянды және Шарықты ауылдық округтерінің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеуге өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру

Ағымдағы жылдың 8 қазанында Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Шарықты және Қоянды ауылдық округтерінің аумақтарында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Бүгінде залалдың өтелетін құнының мөлшерін анықтау жөніндегі комиссия жұмыс істейді. Бүгінгі күні залалды өтеу туралы өтінімдер түскен жоқ.

         Егер азаматтарда мал, мүлік және ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша залал орын алса, табиғи сипаттағы төтенше жағдай туындаған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде Қарқаралы қаласы,Әубәкіров көшесі, 23 мекенжайы бойынша Қарқаралы ауданының жергілікті атқарушы органына (әкімдігіне) залалды өтеу туралы өтінішпен жүгіну қажет, телефон: 87214631366. Құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу күні мен уақыты: 2024 жылғы 8 қазаннан 2024 жылғы 6 желтоқсанға дейін. Қажетті құжаттардың тізбесі: қажетті құжаттарды қоса бере отырып, залалды өтеу туралы өтінім.

        

ТЖ салдарынан залал шеккендерге арналған жадынама

 

  1. Материалдық залал шеккен зардап шеккендер ТЖ туындаған күннен бастап күнтізбелік 60 күн ішінде жергілікті атқарушы органға (әкімдікке) материалдық залалды өтеу туралы өтініш береді. (өтініш үлгісі қоса беріледі)
  2. Материалдық залалды өтеу туралы өтініш жергілікті атқарушы органға (әкімдікке) құжаттар келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралады.
  3. Ауыл шаруашылығы жануарлары бойынша залалды өтеу мөлшері Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы қалыптастыратын ресми статистикалық ақпараттың деректері негізінде ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық-жас топтары бөлінісінде нарықтық құны бойынша айқындалады.
  4. Табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде жеке немесе заңды тұлғаға келтірілген залалды ауыл шаруашылығы және Өсімдік шаруашылығы мамандандырылған ғылыми-зерттеу институтымен келісілген ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің технологиялық картасына сәйкес 1 (бір) гектарға нақты ауыл шаруашылығы дақылын өсіруге арналған шығыстарды негізге ала отырып, Өсімдік шаруашылығы саласындағы комиссия айқындайды.

      Егер жеке немесе заңды тұлға субсидия алушы болып табылса (басым дақылдардың, оның ішінде көпжылдық екпелердің өндірісін дамыту; тұқым шаруашылығын дамыту; тыңайтқыштардың құнын арзандату (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда); саны экономикалық шектен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын арзандату зиянды және карантиндік объектілер; ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құны), залалдың мөлшері алынған субсидиялар сомасын шегергенде айқындалады.

  1. Комиссияның өтеу туралы шешімі қабылданғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккен және ауыл шаруашылығы жануарларының өлімі нәтижесінде залал келтірілген жеке және заңды тұлғалардың тізбесі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
  2. Зиянды өтеуден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, комиссия жеке немесе заңды тұлғаға бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша хабарлама жібереді.
  3. Төлем жеке және заңды тұлғаларға қаражат бөлу туралы тиісті шешім қабылданғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырылады.
Дата публикации
22 октября 2024