Қарқаралы ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аумақтық комиссияның үшінші отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде аудан әкімі Ә.Арғыновтың төрағалығымен Қарқаралы ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аумақтық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жоспарға сәйкес күн тәртібінде екі мәселе қаралды:

  1. Аудандық тұрғын үй комиссиясының қызметі туралы және сыбайлас жемқорлықпен күрес, оның алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар бойынша;
  2. Білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жолын кесу, сондай-ақ кәмелетке толмағандар мен жастарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру бойынша қабылданатын шаралар туралы.

         Отырысты қорытындылай келе, аудан әкімі бірқатар тапсырмалар берді.

         Қарқаралы ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аумақтық комиссияның 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын уақытылы және белгіленген мерзімде өткізілуін қамтамасыз ету бойынша міндеттер жүктеді.

 

Дата публикации
30 сентября 2024