Тұрғындар назарына!

«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы» ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы №130 бұйрығының 5-қосымшасы «Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес «Мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылық қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында белгіленіп отырған қызмет туралы өтініш орналастырылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішке қатысты өз ескертпелері мен ұсыныстарын ұсынуға құқылы. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін мемлекеттік органдардан және жұртшылықтан ескертулер мен ұсыныстар қабылданбайды».

Ұсыныстар мен ескертулерді белгіленген мерзімнен кешіктірмей жолдауды, сондай-ақ d.eleshov@ecogeo.gov.kz электрондық мекенжайға қайталап жолдауды сұраймыз.

 

Дата публикации
11 июля 2024