
Ағымдағы жылдың 26 маусымында аудан әкімі Ә.Арғыновтың төрағалығымен Қарқаралы ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аумақтық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жоспарға сәйкес күн тәртібінде екі мәселе қаралды:
1.Әкімдердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы және тұтастай алғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар туралы есебі;
Отырысты қорытындылай келе, аудан әкімі бірқатар тапсырмалар берді. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар көріністерінің барлық фактілерінің жолын кесу, Әлеуметтік желілерде, БАҚ-та, аудан әкімі аппаратының ресми сайтында Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-шаралар тұрақты негізде жариялау, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саласындағы әлеуметтік жобаларды іске асыруға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың орындалуын бақылауға алу, Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуді жеке бақылауға алу, Мемлекеттік қызмет көрсететін мамандар арасында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді сақтау мәніне құқықтық жаппай оқыту жүргізу, Мемлекеттік қызметтерді қарау мерзімдерін бұзуға жол бермеу.
Қарқаралы ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аумақтық комиссияның 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын уақытылы және белгіленген мерзімде өткізілуін қамтамасыз ету бойынша міндеттер жүктеді.