Күн тәртібінде:
Құрметті, комиссия мүшелері, бүгін 2024 жылдың 21 мамырға «Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ – не келіп түскен жер учаскелерін сұраған 17 өтініштер бойынша құжаттарды қарауға жиналып отырмыз.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43 бабына сәйкес, 2024 жылғы 15 мамырдағы аудандық Мәслихаттың № VIІІ-21/162 шешімімен бекіген жер комиссиясының құрамы:
|
1.
|
Токмурзин Берик Мукатаевич
|
Аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
|
|
|
Искакова Жанаргуль Елеусизовна
|
Хатшы, аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы;
|
|
|
Комиссия мүшелері:
|
|
|
2.
|
Есов Нариман Жумакожаевич
|
Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы;
|
|
3.
|
Қасымов Айдын Жұмажанұлы
|
Аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы;
|
|
4.
|
Адильханов Ерман Адильханович
|
Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының Қарқаралы аудандық филиалының директоры;
|
|
5.
|
Шәймерден Әйгерім Бопанайқызы
|
Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі;
|
|
6.
|
Хумарзаг Нурбек
|
Қарқаралы ауданының мәслихат депутаты (келісім бойынша)
|
|
7.
|
Шакаримов Ануар Қуатұлы
|
Қарқаралы ауданының қоғамдық кеңес мүшесі (келісім бойынша)
|
8.
9.
10.
11.
|
Ахманов Болат Хасенович
Дюсеков Қайыржан
Қала, кент, ауылдық округтер әкімдері
Ауылдың, ауылдық округтің жергілікті халық өкілдері
|
«Айбол» шаруа қожалығының басшысы (келісім бойынша)
Шүңгілтай» шаруа қожалығының басшысы (келісім бойынша)
|
Бүгінгі күні жер мәселесін шешу комиссиясы отырысына 10 комиссия мүшесінің 8-і қатысып отыр. Қасымов Айдын Жұмажанұлы, Шәймерден Әйгерім Бопанайқызы денсаулығына байланысты қатыспай отыр.
«Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ – не келіп түскен 17 өтініштер бойынша құжаттар қаралады.
- Рахметова Асем Шарапатовнаға, Угар а/о, Матақ ауылы жерінде орналасқан, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін көлемі- 0,2500 га жер учаскесін жалға беру мүмкін емес, себебі ауылшаруашылық жерінен заң талаптарына сәйкес тұрғын үй құрылысын салуға болмайды.
- Жаров Виктор Валентиновичке, Қарқаралы ауданы, Угар ауылдық округі, Матақ ауылы, Ақбұлақ бөлімшесінің жерінен жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін, көлемі- 0,2500 га жер учаскесін 2 жыл мерзімге өтеулі жер пайдалану құқығымен беру мүмкін емес себебі сіз сұраған жер учаскесінде ғимарат орналасқан, иесіз ғимарат екені жөнінде дәлелдейтін құжаты жоқ.
- Төлеуханова Гүлжанат Махсинқызы, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылдық округі, Гагарин көшесі, 65 мекен жайында орналасқан, бау бақша, қора және малды қоршап сақтауға, көлемі- 1,0 га жер учаскесін жеке меншік құқығымен беру мүмкін емес себебі нақты пайдаланатын нысаналы мақсатын айқындау қажет.
- Маханбетчин Саят Маратовичке, Н.Нұрмақов ауылдық округі, Көлбасы ауыл жерінен жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін, көлемі- 0,2500 га жер учаскесін жер пайдалану құқығымен беру мүмкін емес, себебі ауылдың даму және салу сызбасына сәйкес нысаналы мақсаты дұрыс айқындалмаған.
- Жұмантай Нұрсұлтан Бауыржанұлына, Қарқаралы ауданы, Угар ауылдық округі, Матақ ауылы жерінен контейнер орнату үшін, көлемі- 0,0032 га жер учаскесін өтеулі жер пайдалану құқығымен беру мүмкін деп есептейді.
- ЖК Бектұрсын, Угар а/о, Матақ ауылы, Наурыз көшесі мекен жайында тез құралатын 20 тонналық контейнер орнату үшін, көлемі- 0,2500 га жер учаскесін өтеулі жер пайдалану құқығымен 4 жылға жалға беру мүмкін емес, себебі ауылдың даму және сызбасындағы нысаналы мақсатына сай келмейді.
- Толекеев Бейбит Айтмаганбетовичке, Егіндібұлақ а/о, Егіндібұлақ ауылы мекен жайында малды қоршауға арналған (загон) көлемі- 0,0625 га жер учаскесін тұрақты жер пайдалану құығымен беру мүмкін емес, себебі жеке қосалқы шаруашылық жүргізуден басқа мақсаттағы жер учаскелері аукцион арқылығана беріледі.
- Есей Әлішер Ақылбекұлына, Қырғыз а/о жерінен, тұрғын үй құрылысы үшін, көлемі- 0,0176 га жер учаскесін тұрақты жер пайдалану құқығымен беру мүмкін емес, себеі нысанылы мақсаты дұрыс көрсетілмеген.
- Әкім Алдияр Қанатұлына, Угар а/о, Матақ ауылы мекен жайында орналасқан жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін, көлемі- 0,2500 га жер учаскесін өтеулі жер пайдалану құқығымен 4 жылға жалға беру мүмкін емес себебі жер учаскесі өндірістік аумақта орналасқан.
- «Сәт» шаруа қожалығы Абильдин Саят Мажитовчке, Балқантау ауылдық округіне қарасты «Ақын» қыстауының №9,11,1,2,12,10 үйлеріне берілген жалпы көлемі- 0,3925 га (кадастырлық №09-133-062-093) жер учаскесінің нысаналы мақсатын «жеке қосалқы шаруашылық жүргізу»- ден «шаруа қожалығын жүргізу үшін» ауыстыру мүмкін деп есептейді.
- Кәрімбек Ерқанат Нуарбекұлына, Қарқаралы қаласы, 78 Коммунаров көшесі, жер телімі 63 В мекен жайында орналасқан, жеке тұрғын үй құрылысын салу және оған қызмет көрсету үшін берілген көлемі- 0,1000 га жер учаскесі жеке меншік құқығымен беру мүмкін деп есептейді.
- Оспанов Нургазы Абдулаевичке, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ а/о, Егіндібұлақ ауылында орналасқан, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін, көлемі- 0,2500 га жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен беру мүмкін емес, себебі сұралған жерде иесіз мүлік орналасқан.
- «Кент Агро» ЖШС-не, Қарқаралы ауданы, Қырғыз а/о жерінде орналасқан, ұңғыма №1 қызмет көрсету үшін, көлемі- 0,0009 га жер учаскесін жеке меншік құқығымен беру мүмкін емес, себебі сұралған жер учаскесінің үстінде мүлікке иелік ету құжаты жоқ.
- «Кент Агро» ЖШС-не, Қарқаралы ауданы, Қырғыз а/о жерінде орналасқан, ұңғыма №2 қызмет көрсету үшін, көлемі- 0,0009 га жер учаскесін жеке меншік құқығымен беру мүмкін емес, себебі сұралған жер учаскесінің үстінде мүлікке иелік ету құжаты жоқ.
- «Кент Агро» ЖШС-не, Қарқаралы ауданы, Қырғыз а/о жерінде орналасқан, ұңғыма №3 қызмет көрсету үшін, көлемі- 0,0009 га жер учаскесін жеке меншік құқығымен беру мүмкін емес, себебі сұралған жер учаскесінің үстінде мүлікке иелік ету құжаты жоқ.
- «Кент Агро» ЖШС-не, Қарқаралы ауданы, Қырғыз а/о жерінде орналасқан, ұңғыма №4 қызмет көрсету үшін, көлемі- 0,0009 га жер учаскесін жеке меншік құқығымен беру мүмкін емес, себебі сұралған жер учаскесінің үстінде мүлікке иелік ету құжаты жоқ.
- «Кент Агро» ЖШС-не, Қарқаралы ауданы, Қырғыз а/о жерінде орналасқан, ұңғыма №5 қызмет көрсету үшін, көлемі- 0,0009 га жер учаскесін жеке меншік құқығымен беру мүмкін емес, себебі сұралған жер учаскесінің үстінде мүлікке иелік ету құжаты жоқ.
Б.М Токмурзин
Ж.Е Искакова