«Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

«Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса берілген «Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
  2. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 01 қазандағы №329 «Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысы жойылсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
  4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қарқаралы ауданының әкімі                                                               Ә.Арғынов

Дата публикации
02 мая 2024