
Ағымдағы жылдың 29 наурызында аудан әкімі Ә.Арғыновтың төрағалығымен Қарқаралы ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аумақтық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жоспарға сәйкес күн тәртібінде екі мәселе қаралды:
- Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық саласында жасалатын сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы.
- Қарқаралы ауданының мемлекеттік қызметшілеріне қатысты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі персоналды басқару қызметінің қызметі және тәртіптік комиссия қабылдайтын шаралар туралы.
Отырысты қорытындылай келе, аудан әкімі бірқатар тапсырмалар берді.