2024 жылдың 23 наурызда Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы С.К.Нуркенов «2024 жылдың 14 сәуірге тағайындалған Қарқаралы ауданының Қоянды және Н.Нұрмақов атындағы ауылдық округтері әкіміне кандидаттарды тіркеу нәтижелері туралы» баяндама жасады.
Ол 2024 жылдың 23 наурызға Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясына ұсынылған _6_ кандидаттан Қарқаралы ауданының ауылдық округітері әкіміне кандидат ретінде _6_-да тіркегенін айтты.
Тіркелген кандидаттардың арасында _6__ (100%) ер.
Мамандықтары бойынша: 3 – заңгер, 1 – инженер, 2 – басқа мамандықтар.
Кандидаттар арасында: мемлекеттік қызметкерлер _4_, мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар жұмыскерлері __1_, уақытша жұмыссыз _1_.
2024 жылдың 24 наурызда сағат 18:00-ден бастап Қарқаралы ауданының ауылдық округтері әкімдеріне барлық тіркелген кандидаттар сайлауалды үгіт жұмыстарын бастауға құқылы, ол ағымдағы жылдың 13 сәуір сағат 00:00-ге дейін жалғасады.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Үміткерлерге бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін қаражат бөлу ережесі мен мөлшерін бекіту туралы» 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/2020 қаулысына сәйкес, ол қарастырылған үміткерге өзінің бағдарламаларымен бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеуі үшін қаражат бөлуге: теледидарда - 15 минут; радиода - 10 минут; мерзімді басылымдардағы немесе интернет-басылымдардағы жарияланымдар үшін 0,1 баспа парағынан аспайтын екі мақала. Барлық үміткерлерге сайлау алдындағы үгіт жүргізу үшін заңмен бірдей жағдайлар жасалады.