«Алтай полиметаллы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Алтай полиметаллы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану үшін, жалпы көлемі – 0,4 гектар жер учаскесін жер пайдаланушылардан алып қоймай 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
- «Алтай полиметаллы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілсін.
- «Қарқаралы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.