ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді тапсыру жалғасуда. «Қарқаралы ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекеме
ҮЕҰ дерекқорына ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді ұсыну мерзімі 2024 жылғы 31 наурызда аяқталатынын хабарлайды.
ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер беру мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік бағдарламалар мен әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін шарт болып табылады.
Сондай-ақ, ҮЕҰ Дерекқорына тіркелу ұйымдарға қазақстандық басқа бірлестіктердің табысты жобаларымен танысуға, тәжірибе алмасуға, ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға мүмкіндік береді.
Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтерді келесі тәсілдердің бірімен ұсына алады:
1) ҮЕҰ Дерекқорының https://infonpo.gov.kz/ интернет-порталы арқылы (интернет-порталда авторизациядан өту ХҚКО-да алынған заңды тұлғаның ЭЦҚ кілтінің көмегімен мүмкін болады);
2) уәкілетті органға қағаз және электрондық тасығыштарда (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) пошта арқылы немесе қолма-қол ұсынады.
ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді ұсынбау, уақтылы ұсынбау және толық емес немесе көрінеу, жалған мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.
Осы орайда, үкіметтік емес ұйымдарды 2024 жылдың 31 наурызына дейін ҮЕҰ Дерекқорына infonpo.gov.kz ақпараттық ресурсы арқылы 2023 жылғы қызмет туралы мәліметтерді тапсыруға шақырамыз.