Бүгін, яғни 2024 жылғы 18 ақпанда Қарқаралы ауданының Қарқаралы қаласының, Егіндібұлақ, Балқантау, Қ.Аманжолов, Томар және Угар ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау жүріп жатыр. Аудан бойынша 14 сайлау учаскелері өз жұмыстарын «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес белгіленген уақытта басталды.