Қарқаралы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

ЖОБА

 

 

Қарқаралы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына сәйкес, Қарқаралы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Қарқаралы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидалары бекітілсін.
  2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қарқаралы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихаттың

төрағасы                                                                                             С.Оспанов

 

 

Дата публикации
05 февраля 2024