2024 жылдың 28 қаңтарда Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы С.К.Нуркенов «2024 жылдың 18 ақпанға тағайындалған Қарқаралы ауданының Қарқаралы қаласы, Егіндібұлақ, Қ.Аманжолов, Балқантау, Томар және Угар ауылдық округтері әкіміне кандидаттарды тіркеу нәтижелері туралы» баяндама жасады.
Ол 2024 жылдың 28 қаңтар сағат 18: 00-ге дейін Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясына ұсынылған _20_ кандидаттан Қарқаралы ауданының ауылдық округітері әкіміне кандидат ретінде _17_ адамды тіркегенін айтты.
Тіркелген кандидаттардың арасында _12__ (70,5%) ер және _5_ (29,5%) әйел бар.
Мамандықтары бойынша: 7 – заңгер, 3 – экономист, 1 – мұғалім, 4 – инженер, 2 – басқа мамандықтар.
Кандидаттар арасында: мемлекеттік қызметкерлер _13_, мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар жұмыскерлері __2_, . жеке кәсіпкер _1_, уақытша жұмыссыз _1_.
2024 жылдың 28 қаңтарда сағат 18:00-ден бастап Қарқаралы ауданының аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтері әкімдеріне барлық тіркелген кандидаттар сайлауалды үгіт жұмыстарын бастауға құқылы, ол ағымдағы жылдың 17 ақпан сағат 00:00-ге дейін жалғасады.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Үміткерлерге бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін қаражат бөлу ережесі мен мөлшерін бекіту туралы» 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/2020 қаулысына сәйкес, ол қарастырылған үміткерге өзінің бағдарламаларымен бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеуі үшін қаражат бөлуге: теледидарда - 15 минут; радиода - 10 минут; мерзімді басылымдардағы немесе интернет-басылымдардағы жарияланымдар үшін 0,1 баспа парағынан аспайтын екі мақала. Барлық үміткерлерге сайлау алдындағы үгіт жүргізу үшін заңмен бірдей жағдайлар жасалады.