Қарқаралы ауданының тұрғындарының назарына, оның ішінде тұрғын үй көмегін алушыларға хабарлаймыз!

  Тұрғын үй көмегін тағайындауды реттейтін нормативтік құқықтық актіге өзгерістер енгізілуіне байланысты ("Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы" ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 бұйрығы) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі өзгерді.
  Тұрғын үй көмегі бұрын ағымдағы ай үшін ай сайын тағайындалған. Жаңа ережелерге сәйкес тұрғын үй көмегі өткен тоқсан үшін келесі тоқсанда тағайындалады, яғни 2024 жылдың 1 тоқсанына тағайындау ағымдағы жылдың
  2 тоқсанында жүргізіледі. 2023 жылдың 4 тоқсанында тұрғын үй көмегін алушы болсаңыз, 2024 жылдың 1 тоқсанына тұрғын үй көмегін алу үшін 2024 жылдың 2 тоқсанында құжаттарды тапсыру қажет.
  Егер Сіз бірінші рет тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірсеңіз, онда өткен тоқсан үшін түбіртектерді ұсыну қажеттілігі туралы Сіздің қаперіңізге жеткіземіз.
Қосымша сұрақтар үшін телефон нөмірлері: 32-8-99, +77029299651

Дата публикации
24 января 2024