Қарқаралы ауданының аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

2024 жылы 23 қаңтарда Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Сайлау комиссиясының төрағасы С.К.Нуркенов «Аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттарды ұсыну нәтижелері туралы» баяндама жасады.

Ол жалпы алғанда, 2024 жылдың 11 қаңтар мен 23 қаңтар аралығында Қарқаралы ауданының Қарқаралы қаласы, Егіндібұлақ Қ.Аманжолов, Балқантау, Томар және Угар ауылдық округтері әкіміне 20 үміткер ұсынылғанын айтты. Оның ішінде саяси партиялардан – 6, өзін-өзі ұсыну тәртібімен – 14. Ұсынылған кандидаттардың арасында 15 – ер адам, 5 – әйел.

Кандидаттардың орташа жасы – 37,7 жас. Ең жас үміткер – 26 жаста, өтініш берушілердің арасындағы ең жоғары жас – 57 жас.

Мамандықтары бойынша: 8 – заңгер, 6 – экономист, 1 – мұғалім, 3 – инженер, 2 – басқа мамандықтар.

Ұсынылған кандидаттар арасында: мемлекеттік қызметкерлер 15 мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар жұмыскерлері 3, уақытша жұмыссыз 2.

Қазіргі уақытта Қарқаралы ауданының аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу процессі жүріп жатыр, ол ағымдағы жылдың 28 қаңтар жергілікті сағат 18-00 ге дейін жалғасады, өйткені сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлау комиссиялары мемлекеттік органдармен бірлесіп өз жұмысын жалғастыруда, кандидаттар ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеруде.

Дата публикации
23 января 2024