«Қарқаралы ауданының Егіндібұлақ ауылдық округі әкімі аппараты» ММ 2024-2026 жылдарға арналған БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАCЫ

«Қарқаралы ауданының Егіндібұлақ ауылдық округі әкімі аппараты» ММ

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің коды және атауы

001 «Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, село, селолық округ әкімінің қызметін қаматамасыз ету жөніндегі қызметтер»

Бюджеттік бағдарламаның коды және атауы

Бюджеттік бағдарламаның басшысы: Егіндібұлақ ауылдық округі әкімі – Садуакасов М.Т.

Бюджеттiк бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:

  • 1-6т. 32-б., 33б., 1-15т. 56-б., 1-13т. 67-б. 2008 жылғы 04.12. №95-IV Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
  • 155-б., 158-159-б., 201-б., 355-б., 357-361 б. ҚР 2008 жылғы 10.12. №99-IV Кодексі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) »;
  • 1-т. 22-б., 4-т. 24-б, 25-б. 2015 жылғы 23.10. №416-V «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңы;
  • ҚР 2016 жылғы 06.04. №480-V «Құқықтық актiлер туралы» Заңы;
  • 31-б., 32-б., 37-б. 2001 жылғы 23.01. №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңы;
  • 4 б., 14-б., 37-б. 1–т., 39-б. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 04.12. № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңы;
  • 4 қосымша ҚР Президенті 2004 жылғы 17.01. №1284 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» Жарлығы;
  • 14-18 б. ҚР 2003 жылғы 25.04. №405 Заңы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы»;
  • 3т., 2 қосымша ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30.12. №195 бұйрығы «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы»;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31.12 № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қаулысы;
  • ҚР 2014 жылғы 04.12. №540 «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Бұйрығы;
  • ҚР 2015 жылғы 23.11. №414-V Еңбек кодексінің 103 б.,113 б.,114 б.,115 б.,118 б;
  • ҚР 1992 жылғы 18.12. №1787-XII «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 13 б.;
  • Қарқаралы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы XVI сессиясының «2024-2026 жылдарға арналған аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» №VIII-16/127 шешімі

Бюджеттiк бағдарламаның түрі:
мемлекеттік басқару деңгейіне қарай: аудан (қалалық)
мазмұнына қарай: мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттiк қызметтердi көрсету
іске асыру түріне қарай:   жеке бюджеттік бағдарлама
ағымдағы/даму: ағымдағы бюджеттік бағдарлама

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: «Қарқаралы ауданының Егіндібұлақ ауылдық округі  әкімі аппараты»  мемлекеттік мекемесінің қызметін, оларға жүктелген функцияларының барынша тиімді қолжеткізуге бағытталған шығындарды жабу; Мемлекеттікбасқару мен бақылау функцияларының орындалуы; ауылдық округтердің ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдау және материалдық-техникалық қызметтерін қамтамасыз ету.

Әкімшілік-аумақтық бірлігі аумағында қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету туралы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды жүзеге асыру, бағыттарын жүзеге асыру, мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және ауылда әлеуметтік және экономикалық процестерді басқару.

Бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижелері: «Қарқаралы ауданының Егіндібұлақ ауылдық округі әкімі аппараты»  мемлекеттік мекемесінің аппаратына жүктелген тапсырмаларды барынша тиімді қолжеткізу  қызметін қамтамасыз ету. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, округ бюджетінің тиімді және дер кезінде орындау. Кәсіби деңгейін арттыру. Жоспарланған іс-шараларды көрсетілген мерзіміне сәйкес орындау.

Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі): әкім аппаратының материалдық-техникалық базасын күтіп ұстау, жаңарту және басқару, оның ішінде еңбекақы төлеу, компенсациялық төлем, салықтар, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға арналған жарналар, ел ішіндегі іссапарлар мен қызметтік сапарлар, өзге де тауарларды сатып алу, коммуналдық қызметтерін төлеу (жарыққа төлемақысы, жылудың төлемақысы), байланыс қызметінің төлемақысы, ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтарды және басқа да негізгі құралдарды күтіп ұстау, қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу, басқадай жұмыстар мен қызмет көрсету, басқадай ағымдағы шығындар. Ағымдағы жылдың сомасынан ұлғаю жағына ауытқу себебі: шығындарды оңтайландыруға байланысты.

Дата публикации
17 января 2024