ҚАРҚАРАЛЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ШЕШІМІНІҢ ЖОБАСЫ 2024 жылға Қарқаралы ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы

 

 

 

ҚАРҚАРАЛЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ШЕШІМІНІҢ ЖОБАСЫ

 

 

2024 жылға Қарқаралы ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3 бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м. а. 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 «Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 20284 болып тіркелген) бұйрығы негізінде Қарқаралы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2024 жылға Қарқаралы ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы шығыстардың ең төмен мөлшері бір шаршы метр үшін отыз сегіз теңге он бір тиын сомасында бекітілсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

 

 

Аудандық мәслихат төрағасы

 

 

 



Дата публикации
17 января 2024