Қарқаралы ауданы Мәди ауылдық округінің 2023 ─ 2025 жылдарға арналған азаматтық бюджетінде Мәди ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оның қалыптасу параметрлері және бюджеттің жұмсалу бағыттары туралы ақпарат бар.
Бұл құжатта «Бюджеттік жоспарлау» бөлімі, «Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері» және «Ауылдық округ бюджетінің кірістері мен шығыстары» бөлімдері бар.
Ауылдық округтің бюджеті - бұл ауылдық округ әкімінің, оған бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджеттік процесс - бұл Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен реттелетін жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзету, бюджеттік есепке алу және есеп беру, мемлекеттік қаржылық бақылау.
Қарқаралы ауданының Мәди ауылдық округінің 2023 - 2025 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодексіне, Қарқаралы ауданы Мәди ауылдық округіның 2023-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес құрылады.
Қарқаралы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 18 сәуірдегі № VIIІ-3/30 «Қарқаралы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы XХIХ сессиясының №VIІ-29/237 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі.