Қарқаралы ауданы Қаршығалы ауылдық округінің 2024 ─ 2026 жылдарға арналған азаматтық бюджетінде Қаршығалы ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оның қалыптасу параметрлері және бюджеттің жұмсалу бағыттары туралы ақпарат бар.
Бұл құжатта «Бюджеттік жоспарлау» бөлімі, «Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері» және «Ауылдық округ бюджетінің кірістері мен шығыстары» бөлімдері бар.
Ауылдық округтің бюджеті - бұл ауылдық округ әкімінің, оған бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджеттік процесс - бұл Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен реттелетін жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзету, бюджеттік есепке алу және есеп беру, мемлекеттік қаржылық бақылау.
Қарқаралы ауданының Қаршығалы ауылдық округінің 2024 - 2026 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодексіне, Қарқаралы ауданы Қаршығалы ауылдық ауылының 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес құрылады.
Қарқаралы аудандық маслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы XVI сессиясының №VIII-16/127 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтердің бюджеттері туралы » шешімімен бекітілген.