2024-2026 жылдарға арналған «Қарқаралы ауданының Томар ауылдық округінің азаматтық бюджеті

Қарқаралы ауданы Томар ауылдық округінің 2024 ─ 2026 жылдарға арналған азаматтық бюджетінде Томар ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оның қалыптасу параметрлері және бюджеттің жұмсалу бағыттары туралы ақпарат бар.

Бұл құжатта «Бюджеттік жоспарлау» бөлімі, «Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері» және «Ауылдық округ бюджетінің кірістері мен шығыстары» бөлімдері бар.     
Ауылдық округтің бюджеті - бұл ауылдық округ әкімінің, оған бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.         

Бюджеттік процесс - бұл Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен реттелетін жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзету, бюджеттік есепке алу және есеп беру, мемлекеттік қаржылық бақылау.

Қарқаралы ауданының Томар ауылдық округінің 2024 - 2026 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодексіне, Қарқаралы ауданы Томар ауылының 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес құрылады.

Қарқаралы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы XVI сессиясының «2024-2026 жылдарға арналған аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» № VIII-15/112 шешімімен бекітілген.

 

Дата публикации
03 января 2024