2024-2026 жылдарға арналған «Қарқаралы ауданының Қаракөл ауылдық округінің азаматтық бюджеті

      

Қарқаралы ауданы Қаракөл  ауылдық округінің  2024 ─ 2026 жылдарға арналған азаматтық бюджетінде Қаракөл  ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оның қалыптасу параметрлері және бюджеттің жұмсалу бағыттары туралы ақпарат бар.

         Бұл құжатта «Бюджеттік жоспарлау» бөлімі, «Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері» және «Ауылдық округ бюджетінің кірістері мен шығыстары» бөлімдері бар.     
Ауылдық округтің бюджеті - бұл ауылдық округ әкімінің, оған бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.         

Бюджеттік процесс - бұл Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен реттелетін жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзету, бюджеттік есепке алу және есеп беру, мемлекеттік қаржылық бақылау.

 

      Қарқаралы ауданының Қаракөл  ауылдық округінің 2024 - 2026 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодексіне, Қарқаралы ауданы Қаракөл  ауылдық ауылының 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес құрылады.

Қарқаралы аудандық маслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №VIIІ-15/112 «Қарқаралы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы XVI сессиясының №VIII-16/127  «2024-2026 жылдарға арналған аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне сәйкес және шешімін іске асыру туралы» шешімін бекітілді.

 

Дата публикации
29 декабря 2023