2023-20225 жылдарға арналған «Қарқаралы ауданының Қоянды ауылдық округінің азаматтық бюджеті

      

         Қарқаралы ауданы Қоянды ауылдық округінің  2023 ─ 2025 жылдарға арналған азаматтық бюджетінде Қоянды ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оның қалыптасу параметрлері және бюджеттің жұмсалу бағыттары туралы ақпарат бар.

         Бұл құжатта «Бюджеттік жоспарлау» бөлімі, «Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері» және «Ауылдық округ бюджетінің кірістері мен шығыстары» бөлімдері бар.     
Ауылдық округтің бюджеті - бұл ауылдық округ әкімінің, оған бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.         

Бюджеттік процесс - бұл Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен реттелетін жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзету, бюджеттік есепке алу және есеп беру, мемлекеттік қаржылық бақылау.

 

      Қарқаралы ауданының Қоянды ауылдық округінің 2023 - 2025 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодексіне, Қарқаралы ауданы Қоянды ауылдық ауылының 2023-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес құрылады. -Қарқаралы аудандық мәслихатының 2022  жылғы 23 желтоқсандағы VII -29/237  «2023-2025  жылдарға арналған аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешімі.

Қарқаралы аудандық мәслихатының 2023  жылғы 01 желтоқсандағы VIII -14/107  «2023-2025  жылдарға арналған аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешімімен өзгерістер енгізу.

 

Дата публикации
29 декабря 2023