2024-2026 жылдарға арналған «Қарқаралы ауданы мемлекеттік активтері және сатып алу бөлімі» ММ-нің АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТІ
- Қарқаралы ауданының мемлекеттік активтері және сатып алу бөлімі мемлекеттік мекемесі өз құзыреттілігі шегінде аудандық коммуналдық мүлікті басқару, Қарқаралы ауданының әкімі анықтайтын бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бірынғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазахстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
- Негізгі міндеттері: аудандық коммуналды меншікті онтайлы және тиімді басқаруды қамтамасыз ету. Аудан әкімі анықтайтын бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бірынғай мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру барысында бюджет шығындарын оңтайлы және үнемі пайдалануды қамтамасыз ету.
- Функциялары: Мемлекеттік органдардың, мекемелердің, мемлекеттік кәсіпорындарын мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың мориторингін жүргізеді. ауданның коммуналдық меншігінің есебін жүзеге асыру, түгендеу жүргізу, белгіленген тәртіпте ауданның коммуналдық меншігінің тізілімін жасау.Ауданның коммуналдық меншігін мүліктін жалдауға (жалға алу) беру, аудан әкімдігінің шешімі бойынша ауданның коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұрғаларға. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен басқаға тапсыру бойынша жұмысты ұйымдыстырады. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, аудан бойынша мемлекеттін сатып алуды жүзеге асыру процесін үйлестіру.
Дата публикации
29 декабря 2023