Ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында аудан әкімі Ә.Арғыновтың төрағалығымен Қарқаралы ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жоспарға сәйкес күн тәртібінде 2 мәселе қаралды:
- Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және Қарқаралы ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтуды іске асыру жөніндегі жұмысты жүргізу туралы..
- Қарқаралы ауданы бойынша құқық бұзушылықтын алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2024 жылға арналған жоспарын бекіту туралы.
Отырысты қорытындылай келе, Қарқаралы ауданының әкімі бірқатар тапсырмалар берді:
- Қайталама қылмыстың алдын алу бойынша шаралар қабылдау.
- учаскелік полиция инспекторларының бұрын қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдармен жұмысын күшейту (аралау, профилактикалық әңгімелер жүргізу).
- қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен босатылған адамның әлеуметтік бейімделуіне және оңалтуына бақылауды күшейту.
- пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі жұмысты жалғастыру.
- обеспечить обязательное участие представителей службы пробации района при проведении ярмарок вакансий.
- мансап орталығы көрсететін қызметтер бөлігінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру (жұмысқа орналастыру, қайта оқыту,әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу).
- Қарқаралы ауданы бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын уақытылы және белгіленген мерзімде өткізілуін қамтамасыз ету.