Комиссияның кезекті отырысы

Ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында аудан әкімі Ә.Арғыновтың төрағалығымен Қарқаралы ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жоспарға сәйкес күн тәртібінде екі мәселе қаралды:

  1. Ауданның құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағыты бойынша атқарылған жұмыстар туралы.
  2. Қарқаралы ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аумақтық комиссияның 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.

          Отырысты қорытындылай келе, аудан әкімі бірқатар тапсырмалар берді. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар көріністерінің барлық фактілерінің жолын кесу; әлеуметтік желілерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-шараларды тұрақты негізде жариялау; тікелей бағыныстағы қызметкерлердің құқық бұзушылықтарға жол бермеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауы жөніндегі жұмысты бақылауға алу; Қарқаралы ауданы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын уақытылы және белгіленген мерзімде өткізілуін қамтамасыз ету бойынша міндеттер жүктеді.

 

 

 

Дата публикации
15 декабря 2023