Қарқаралы ауданы Тәттімбет ауылдық округінің азаматтық бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне, Шығыстардың біріңғай бюджеттік сыныптамасына, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жоспарланды.
І. КІРІС
Қарқаралы ауданы Тәттімбет ауылдық округінің 2023–2025 жылдарға арналған бюджетінің кірістері келесі көлемде жоспарланды:
2023 жылға – 67 750 мың. тенге;
2024 жылға – 39 553 мың. тенге;
2025 жылға – 40 073 мың. тенге.
Қарқаралы ауданы Тәттімбет ауылдық округінің 2023–2025 жылдарға арналған бюджетінің кірістері мынадай көздер есебінен айқындалады:
Жалпы түсімдер
2023 жылға – 984 мың. тенге;
2024 жылға – 1034 мың. тенге;
2025 жылға – 1087 мың. тенге;
оның ішінде:
Салық түсімдері
- жеке тұлғалардың мүлік және жер салығы есебінен
2023 жылға – 59,0 мың. тенге;
2024 жылға – 62,0 мың. тенге;
2025 жылға – 65,0тыс. тенге;,
-жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық есебінен
2023 жылға – 900,0 тыс. тенге;
2024 жылға – 945,0 тыс. тенге;
2025 жылға – 992,0 тыс. тенге;
Салықтық емес түсімдер
-аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер есебінен
2023 жылға – 25,0 мың. тенге;
2024 жылға – 27,0 мың. тенге;
2025 жылға – 30,0 мың. тенге;
Қарқаралы ауданы Тәттімбет ауылдық округінің 2023–2025 жылдарға арналған бюджетіне трансферттердің түсімдері төмендегідей айқындалады, оның ішінде
Жоғары мемлекеттік органдардан түсетін түсімдер
2023 жылға – 66766,0 мың. тенге;
2024 жылға – 2367,0 мың. тенге;
2025 жылға – 2367,0 мың. тенге
Жалпы мемлекеттік қызметтерге республикалық бюджеттен субвенциялар
2023 жылға – 34681,0 мың. тенге;
2024 жылға – 36152,0 мың. тенге;
2025 жылға – 36619,0 мың. тенге
ІІ. ШЫҒЫНДАР
Қарқаралы ауданы Тәттімбет ауылдық округінің 2023–2025 жылдарға арналған бюджетінің шығыстары мынадай көлемдерде жоспарланды:
2023 жылға – 67 750 мың. тенге;
2024 жылға – 39 553 мың. тенге;
2025 жылға – 40 073 мың. тенге.
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер
001 – «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасына сәйкес Тәттімбет ауылдық округі әкімінің аппаратын ұстау бойынша келесі көлемдерде жоспарлануда:
2023 жылға – 35645,0 мың. тенге;
2024 жылға – 37938,0 мың. тенге;
2025 жылға – 38396,0 мың. тенге;
Бюджеттік бағдарламаның мақсаты ауылдық округ аумағында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету болып табылады. Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері: оған жүктелген функцияларды барынша тиімді орындауға қол жеткізу жөніндегі жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асыру. Тәттімбет ауылдық округі әкімі аппаратының қызметін ақпараттық –талдау, құқықтық қамтамсыз ету. Тәттімбет ауылдық округі әкімі аппаратының жұмыс істеуі үшін тисіті жағдай жасау.
022 – «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бағдарламасына сәйкес Тәттімбет ауылдық округі әкімінің аппаратын ұстау бойынша келесі көлемдерде жоспарланды:
2023 жылға – 350,0 тыс. тенге;
2024 жылға – 68,0 тыс. тенге;
2025 жылға – 130,0 тыс. тенге;
Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Мемлекеттік органның аппаратын ұстау жағдайларын жақсарту, жұмыс орындарын метериалдық-техникалық құралдармен жабдықтау арқылы ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған өңірлік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету. Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері:мемлекеттік мекемеге жүктелген функцияларды барынша тиімді орындауға қол жеткізу үшін оның материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі
Қарқаралы ауданы Тәттімбет ауылдық округі әкімі аппараты бойынша «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» бағдарламасына 2023-2025 жылдарға келесі көлемдерде жоспарланды:
2023 жылға – 31755,0 тыс. тенге;
2024 жылға – 1547,0 тыс. тенге;
2025 жылға – 1547,0 тыс. тенге;
оның ішінде:
008 –«Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бағдарламасы бойынша
келесі көлемдерде жоспарланды:
2023 жылға – 12618,0 мың. тенге, оның ішінде: Тәттімбет ауылдық округінің көшелерін жарықтандыруға 768,0 мың тенге көлемінде; Ақтасты ауылының көшелерін жарықтандырудың 32 бағанасын орнатуға 8400,0 мың тенге сомасында, Ақтасты ауылында пакеттік-трансформаторлық қосалқы станцияны орнатуға және сатып алуға 3450,0 мың тенге көлемінде;
2024 -2025жылдарға – Тәттімбет ауылдық округінің көшелерін жарықтандыруға 768,0 мың тенгеден.
Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту.
Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері:Ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Тәттімбет ауылдық округінің елді мекендерінің көшелерін жарықтандырумен қамтамасыз ету.
011 – «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасы бойыншакелесі көлемдерде жоспарланды:
2023 жылға– 22831,0 мың. тенге, оның ішінде баннер орнатуға 100,0 мың тенге көлемінде; Ақтасты ауылында балалар алаңын орнатуға 5398,0 мың. тенге көлемінде; Ақтасты ауылында футбол алаңының (20х40) орнатуға 6160,0 мың. тенге көлемінде; Шілдебай ауылында балалар алаңын орнатуға 5000,0 мың. тенге көлемінде; Ақтасты ауылында стрит воркаут орнатуға үшін 6173,0 мың. тенге көлемінде;
Бюджетті қайта нақтылау кезінде Шілдебай ауылында балалар алаңын орнатуға бөлінген қаражаттан үнемделген 1900,0 мың тенге және Ақтасты ауылында стрит воркаут орнатуға бөлінген қаражаттан үнемделген 2473,0 мың тенге, барлығы 4373,0 мың тенге қаржы бюджетке қайтарылды.
2024-2025жылдарға – Тәттімбет ауылдық округінің елді мекеніне баннерлар орнатуға 100,0 мың тенгеден
Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру. Елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту үшін жағдайлар жасау, ауылда ыңғайлы өмір сүру және тұрғындардың демалысы үшін жағдай жасау
Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері: Елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту үшін жағдайлар жасау.
013 – «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету»
бағдарламасы бойынша келесі көлемдерде жоспарланды:
2023-2025жылдарға – Тәттімбет ауылдық округінің автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстауға(жолды қардан тазартуға) баннерлар орнатуға 475,0 мың тенгеден;
Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: елді мекендердің жолдарын ұстау қажеттілігін қанағаттандыру. Жолдардың сапасын қамтамасыз ету, автокөліктердің үздіксіз, қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету, төтенше жағдайдың жолдарын жою. Жол қозғалысын дамыту және апатты жағдайларды азайту.Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері: Қыс мезгілінде Ақтасты ауылының көшелерін механикаландырылған әдіспен тазалау шараларын ұйымдастыру;
014 – «Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру»
бағдарламасы бойынша келесі көлемдерде жоспарланды; 2023-2025жылдарға бюджеттің көлемі 204,0 мың. тенгеден, оның ішінде бюджет қаражаты Ақтасты ауылындағы ауыз су скважиналарындағы суды лабораториялық зерттеуден өткізуге және сан-эпидемиялық сараптаманың қорытындысын алуға –132,4 мың.тенге; Су құбырларын, су мұнарасын дезинфекциялау 71,6мың тенгеге жоспарланды.
Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Сапалы ауыз сумен тұрғындарды қамтамасыз ету, ауылдық округті сумен жабдықтау бойынша жұмысты ұйымдастыруды жетілдіру. Сумен жабдықтау жүйелерінде а апаттарды азайту. Ауыз судың сапасын уақтылы талдау және суды залалсыздандыру .
Бюджеттік бағдарламаның міндеті (түпкілікті нәтиже): ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, сумен жабдықтау желілерінде апаттылықты төмендету. ауыз суды уақтылы талдау және суды залалсыздандыру.
Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыруға бағытталған бюджет қаражатын уақытылы 100% - ға игеру.