КЕЗЕКТІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ!

2023 жылғы 4 қыркүйекте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның кезекті отырысы өтті, онда Аудандық жер комиссиясын өткізу кезінде туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.Оларды анықтау және жою мәселелері қаралды. Бұл мәселе бойынша жер қатынастары бөлімінің басшысы Тусупов Кайырбек Маратұлына сөз берілді.

         Екінші мәселе бойынша Ішкі саясат бөлімімен мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс шеңберінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу мен ескерту жөніндегі қолданылатын іс-шаралар туралы және осы бағыттағы БАҚ жұмыстары,елді мекендердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы сыртқы ақпаратты орналастыру жұмысы жайлы ішкі саясат бөлімінің басшысы Н. Ильдебаев баяндама жасады.

         Үшінші мәселе бойынша Аудан көлемінде барлық мемлекеттік мекемелерде сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Қарқаралы ауданының Мемлекеттік сатып алу және активтер бөлімінің басшысы А.Сатыбалдин сөз сөйледі.

 

         Сондай-ақ жиынға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, аудан басшысы аталмыш жұмысты тұрақты бақылауға алып, барлық қажетті іс-шараларды іске асыруды тапсырды.

Дата публикации
08 сентября 2023