Қарқаралы ауданының ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

2023 жылы 22 тамызда Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Сайлау комиссиясының төрағасы С.К.Нуркенов «Ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды ұсыну нәтижелері туралы» баяндама жасады.

Ол жалпы алғанда, 2023 жылдың 10 тамыз бен 22 тамыз аралығында Қарқаралы ауданының Қаршығалы, Тегісшілдік, Мартбек Мамыраев, Қаракөл және Шарықты ауылдық округтері әкіміне 16 үміткер ұсынылғанын айтты. Оның ішінде саяси партиялардан - __6__, өзін-өзі ұсыну тәртібімен - __10__. Ұсынылған кандидаттардың арасында __13__ - ер адам, __3__ - әйел.

Кандидаттардың орташа жасы - __38,7__ жас. Ең жас үміткер - _29_ жаста, өтініш берушілердің арасындағы ең жоғары жас - __53__ жас.

Мамандықтары бойынша: 7 – заңгер, 3 – экономист, 3 – мұғалім, 1 – инженер, 2 – басқа мамандықтар.

Ұсынылған кандидаттар арасында: мемлекеттік қызметкерлер _14_, мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар жұмыскерлері __2_.

Қазіргі уақытта Қарқаралы ауданының ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу процессі жүріп жатыр, ол ағымдағы жылдың 27 тамыз жергілікті сағат 18-00 ге дейін жалғасады, өйткені сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлау комиссиялары мемлекеттік органдармен бірлесіп өз жұмысын жалғастыруда, кандидаттар ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеруде.

Дата публикации
23 августа 2023