2023 жылғы 27 маусымда Қарқаралы ауданының әкімі Е.Б. Құсайын төрағалығымен Қарқаралы ауданының әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы онлайн режимінде өтті. Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды: 1. Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы өткізілетін іс-шаралар туралы; 2. Аудан бойынша құлдыққа қарсы атқарылған жұмыстар туралы. Хаттамалық тапсырмалардың орындалуы бақылауда.