Қарқаралы өңіріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның екінші отырысы болып өтті

Қарқаралы өңіріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның екінші отырысы болып өтті

            Қарқаралы ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар және аудан әкімінің жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға грантын бөлу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы, сондай-ақ Орталық аудандық ауруханада сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру жөніндегі шараларды орындау туралы мәселелер қаралды.

            Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б. М. Жұманбаев сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында грантқа өтінім қабылданған сәттен бастап грант беру жөніндегі келісімшартқа қол қойылған сәтке дейін барлық рәсімдер "Бизнес-Еңбек"порталы арқылы электрондық түрде жүргізілетінін баяндады. Яғни, қатысушылардың халықты жұмыспен қамту орталығына бармай-ақ, грант алу бойынша барлық құжаттарды жолға қою мүмкіндігі бар. Бүгінгі күні, 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін алынған 335 гранттарды мақсатты пайдалану бойынша мониторинг жүргізілуде.

            Қарқаралы ауданы әкімінің жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға арналған гранты 2017 жылдан бастап беріліп келеді.

            2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін 47 грант беріліп, шаштараз, туризм, ағаш ою, қосымша білім беру және т.б.бағыттар бойынша кәсіптерін жүргізуде.

            2023 жылы 1 миллионға дейін 16 грант қарастырылды. Осы грант бойынша комиссия отырысын өткізу тамыз айына жоспарланған.

            2023 жылдың маусым айында Қарқаралы ауданының орталық ауруханасының штатына сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті күшейту және кәсіпорын қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін комплаенс офицер лауазымы енгізілді.

            Отырысты қорытындылай келе, Қарқаралы ауданының әкімі бірқатар тапсырма берді:

- ауданда гранттарға бөлінген қаражатты тиімді және сапалы пайдалану;

- кәсіпкерлердің мемлекеттік грант қаражатын өзге мақсаттар үшін пайдалануына жол бермеу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

- конкурстық комиссияның отырысын өткізу кезінде мүдделер қақтығысына жол бермеу;

- гранттар туралы халықты кеңінен хабардар етуді қамтамасыз ету;

- мемлекеттік сатып алу бойынша маманды біліктілігін арттыруға тұрақты негізде жіберу. Аудан бойынша сатып алу бойынша барлық мамандарды оқыту;

- Мемлекеттік сатып алуды өткізу процесін жеке бақылауда ұстау.

Қарқаралы өңіріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның екінші отырысы болып өтті
Дата публикации
21 июня 2023