Мүмкіндігі шектеулі адамдар әрдайым назарда!

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін «Инватакси» қызметі ағымдағы жылы да  жұмыс жасайтындығын хабардар етеміз.

Мүгедектерге инватакси қызметін көрсетуге мүгедектік белгіленген мерзімге берілген дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негіздеме болып табылады.

 

Инватакси қызметін алу үшін мүгедек жан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне төмендегідей құжаттар ұсынуы қажет:

  1. Өтініш (еркін нысанда)
  2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
  3. Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы
  4. Мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі.

Сұрақтар бойынша байланыс телефоны 50-8-47.

 

Аудандық жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.

Дата публикации
21 апреля 2023