2023-2025 жылдарға арналған «Қарқаралы ауданының Балқантау ауылдық округінің азаматтық бюджетінің жобасы

Жоба

2023-2025 жылдарға арналған
 «Қарқаралы  ауданының Балқантау
ауылдық округінің  азаматтық  бюджеті

 

 

         Қарқаралы ауданы Балқантау ауылдық округінің  2023 ─ 2025 жылдарға арналған азаматтық бюджетінде Балқантау ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оның қалыптасу параметрлері және бюджеттің жұмсалу бағыттары туралы ақпарат бар.

         Бұл құжатта «Бюджеттік жоспарлау» бөлімі, «Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері» және «Ауылдық округ бюджетінің кірістері мен шығыстары» бөлімдері бар.     
Ауылдық округтің бюджеті - бұл ауылдық округ әкімінің, оған бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.         

Бюджеттік процесс - бұл Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен реттелетін жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзету, бюджеттік есепке алу және есеп беру, мемлекеттік қаржылық бақылау.

 

      Қарқаралы ауданының Балқантау ауылдық округінің 2023 ─ 2025 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодексіне, Қарқаралы ауданы Балқантау ауылдық ауылының 2023 ─ 2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес құрылады.

 

 

  • «Қарқаралы ауданының Балқантау ауылдық округінің бюджетінің көлемі»

 

Қарқаралы ауданының

Балқантау ауылдық

округінің бюджетінің көлемі

 

  • «Қарқаралы ауданы Балқантау ауылдық округінің

                                        кірістері мен шығыстары»

 

мың. тенге

Атауы

2022  жыл

нақт

2023 жыл жоспар

2024 жыл жоспар

2025 жыл жоспар

1

2

3

4

5

КІРІСТЕР - барлығы

46043

56128

91649

40270

Салықтық  түсімдер, оның ішінде;

1065

1288

1320

1385

Салықтық  түсімдер

1065

1288

1320

1385

Салықтық  емес  түсімдер

 

 

 

 

Жоғары басқару органдарынан аударымдар, соның ішінде:

44978

54840

90329

38885

Субвенция

34564

36531

36153

36088

 

 

 

Қарқаралы ауданы Балқантау ауылдық округінің 2023 жылға арналған бюджетіне түсетін салық түсімдерінің құрылымы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • «Қарқаралы ауданы Балқантау ауылдық округінің

                                        бюджет шығыстары»

 

                                                                                                    мың. тенге

Атауы

2022  жыл

нақт

2023 жыл жоспар

2024 жыл жоспар

2025 жыл жоспар

Шығындар -  барлығы ,                              оның ішінде;:

46940

56128

91649

40270

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

37417

36979

36979

36979

001  – «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер»

37047

36589

36589

36589

  022- Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

370

390

390

390

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

9523

19149

54670

3291

008  –  «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру»

2587

2716

2716

2716

011 «Елді мекендерді абаттандыру мен  көгалдандыру»

5077

11039

32953

100

013 «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету»

452

5394

19001

475

  014  –  «Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру»

1407

 

 

 

 

 

 

2023-2025 жылдарға арналған "Қарқаралы ауданы Балқантау

 ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ азаматтық бюджетке түсіндірме жазба

 

     2023 жылға арналған жалпы бюджет 56128,0 мың теңгені құрайды. Оның ішінде жобада 001 "Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер" бағдарламасы бойынша 37047,0 мың теңге мөлшерінде бюджет қаражаты көзделген;

     008 "Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру" бағдарламасы бойынша көшелерді жарықтандыру үшін ақы төлеуге 2716,0 мың теңге мөлшерінде;  

     011- "Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру" бағдарламасы бойынша Қ. Аманжолов көшесі бойынша Қарабұлақ ауылына еріген суларды өткізуге арналған құбырларды орналастыруға - 346,0 мың теңге, Қарабұлақ ауылына балалар алаңын орнату және абаттандыру-10593,0 мың теңге;

     013 "Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету"               бағдарламасы бойынша - автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстау бойынша қызметтер (қардан тазарту)- 475,0 мың теңге, Қарабұлақ ауылына ауылішілік автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу - 4919,0 мың теңге.

     2024 жылға арналған жалпы бюджет 91649,0 мың теңгені құрайды. Оның ішінде жобада 011- "Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру" бағдарламасы бойынша Қарабұлақ ауылына саябақ аймағының бетон секциялық қоршауларын орнатуға 32853,0 мың теңге бюджет қаражаты көзделген ;

     013 "Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша - Айнабұлақ ауылындағы ауылішілік автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу - 18526,0 мың теңге.

      2025 жылға арналған жалпы бюджет 40270,0 мың теңгені құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарқаралы ауданының Балқантау ауылдық округінің

2022 жылға арналған бюджет қаражатын

жұмсаудың негізгі бағыттары

 

 

 

 

 

 

 

  

 

Дата публикации
02 ноября 2022